Даниэле де Росси

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Даниеле Де Росси (итал. Daniele De Rossi; 24 шілде 1983 жыл[2], Рим) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006 жылғы әлем чемпионы. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының вице чемпионы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

2000 жылдан бері "Рома" сапында ешқайда ауыспай ойнап келді.

"Романың" бұрынғы ойыншысы Альберто де Россидің ұлы. "Остиамере" футбол клубының мектебінен өткен. 2000 жылы 17 жасында "Рома" сапына келіп қосылды.

2001 жылы 30 қазан күні Чемпиондар Лигасының топтық турниріндегі "Андерлехтпен" ойында матч барысында алаңға қосылды. 2003 жылы қаңтарда А сериясындағы алғашқы ойынын өткізді.

2012 жылы 9 желтоқсанда "Рома" сапындағы 400-ші ойынын өткізді.

2019 жылы шілдеде "Бока Хуниорспен" бір жылдық келісім шарт жасасты.

Remove ads

Ұлттық құрамада

2004 жылы Италия Олимпиадалық құрамасымен бірге жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Олимпиададан кейін бірден негізгі құрамадағы дебют ойынын өткізді. 4 қыркүйек күні Норвегиямен қарсы ойында бірінші рет алаңға шықты. Алғашқы голын 30 наурыз күні жолдастық ойында Исландияның қақпасына енгізді.

Қатысқан турнирлері

  • Жазғы Олимпиада ойындары: 2004
  • Әлем чемпионаттары: 2006, 2010, 2014
  • Еуропа чемпионаттары: 2008, 2012, 2016
  • Конфедерациялар кубогы: 2009, 2013

Жетістіктері

Командалық

Рома

  • Италия кубогы (2): 2006/07, 2007/08
  • Италия суперкубогы: 2007

Ұлттық құрама

  • Әлем чемпионы: 2006
  • Еуропаның вице-чемпионы: 2012
  • Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013

Жеке

  • Италияның үздік жас футболшысы: 2006
  • Италияның үздік футболшысы: 2009

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads